ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
_NEWS:
25 мамыр 2023 жыл
Мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттарға сұраныстың жоғары екендігін көрсететін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметінің бір бағдары Алматы қаласының сәулет өнерін қалпына келтіру, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құжаттамамен қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі уақытта қаланың өткен ғасырда жобаланып, салынған көптеген нысандары осындай түрлендіруді қажет етеді. Дәл осы мақсатта Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне «MSKEGineering» ЖШС бас инженері Н.Р. Қуатбаев сұраныс жасады. Ол өкілдік ететін ұйым Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізеді. Ғимараттың жобасы 1966-1972 жылдары жасалған. «Алмааагипрогор» мемлекеттік жобалау институты. Бұл бірегей сәулет құрылымдарының бірі.
Қор құрышыдан осы нысанның жобалық құжаттамасын пайдалануға келісімін алғаннан кейін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «MSKEGineering» ЖШС маманына қажетті істерді алуға тапсырыс беру үшін архивтік тізімдемелерді берді. Ақпараттық технологиялар және цифрландыру бөлімінің қызметкерлері циркті күрделі жөндеуден өткізуге қажетті құжаттардың барлығын сканерден өткізіп, көшірмелерін цифрлық форматта аталмыш ұйымға тапсырды.
Бұған дейін архивке осындай қызмет түріне Республика сарайын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген, сондай-ақ 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін Алматы әкімдігі ғимаратының келбетін қалпына келтірген мамандар жүгінген болатын. Екі жағдайда да барлық қажетті құжаттамамен ОМҒТҚА қызметкерлері оперативті түрде қамтамасыз етті.











_ALLNEWS

Жаңалықтар

Показать все
07 желтоқсан 2023 жыл
2023 жылғы 7-8 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайында (Астана қ.) Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының қабылданғанына 25 жыл толуына және Қазақстан Республикасы астанасының 25 жылдығына арналған «Astana archive fest» Халықаралық архивистер форумы өтті.


06 желтоқсан 2023 жыл
2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің мәжіліс залында (Астана қ.) «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті (Шетелдік қазақстаника бойынша құжаттарды анықтау, көшірмесін жасау, сандық форматқа аудару және жариялау мәселелері мен болашағы).


05 желтоқсан 2023 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде онлайн форматта ZOOM конференц-платформасында «University Service Management» жеке мекемесінің қызметкерлеріне арналған «Ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтау, есепке алу және пайдалануды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.


05 желтоқсан 2023 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкерлері директоры Баян Амантайқызы Жұматаева және архив ұжымы атынан Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ведомстволық архивінің қызметкері Ләззат Қаспайқызы Бақтыбаеваға көпжылдық жемісті еңбегі үшін алғыс білдіріп, зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group