ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
_NEWS:
21 қыркүйек 2023 жыл
2023 жылдың 21 қыркүйегінде ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметкерлері Орталық мемлекеттік архивінің әріптестерімен бірлесіп Ашық есік күнін өткізді. Ашық есік күніне Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Мектеп оқушылары мен студенттер республикалық жетекші архивтер және Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау шарттарымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Архив қызметкерлері бірегей ғылыми-техникалық құжаттамаларды алуды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бірден-бір мамандандырылған республикалық мемлекеттік мекеменің жарты ғасырға жуық қызметіндегі жетістіктерге де тоқталды.




_ALLNEWS

Жаңалықтар

Показать все
07 желтоқсан 2023 жыл
2023 жылғы 7-8 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайында (Астана қ.) Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының қабылданғанына 25 жыл толуына және Қазақстан Республикасы астанасының 25 жылдығына арналған «Astana archive fest» Халықаралық архивистер форумы өтті.


06 желтоқсан 2023 жыл
2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің мәжіліс залында (Астана қ.) «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті (Шетелдік қазақстаника бойынша құжаттарды анықтау, көшірмесін жасау, сандық форматқа аудару және жариялау мәселелері мен болашағы).


05 желтоқсан 2023 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде онлайн форматта ZOOM конференц-платформасында «University Service Management» жеке мекемесінің қызметкерлеріне арналған «Ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтау, есепке алу және пайдалануды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.


05 желтоқсан 2023 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкерлері директоры Баян Амантайқызы Жұматаева және архив ұжымы атынан Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ведомстволық архивінің қызметкері Ләззат Қаспайқызы Бақтыбаеваға көпжылдық жемісті еңбегі үшін алғыс білдіріп, зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group