Новости:
06 желтоқсан 2023 жыл
2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің мәжіліс залында (Астана қ.) «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті (Шетелдік қазақстаника бойынша құжаттарды анықтау, көшірмесін жасау, сандық форматқа аудару және жариялау мәселелері мен болашағы).
Аталмыш іс-шараға «Архив – 2025» тарихи-құжаттық көрмесі дайындалды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бірлескен жобасы – «Қазақстан тарихы» кабинетінің ресми ашылуы өтті.
Конференция қатысушыларына құттықтау сөздерін: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қ.Қ. Бораш, Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Узархив агенттігінің директоры У.М. Юсупов және Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві Ғылыми кеңесінің мүшесі Д.Қ. Мыңбай жеткізді.
Конференцияда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б. Жұматаева «Архив – 2025» бағдарламасын іске асырудың қорытындылары» атты баяндама жасады.
Республиканың архив мекемелері дайындаған бірнеше құжаттар жинақтарының тұсаукесері, сондай-ақ «Архив саласына ІТ-технологияларды енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараны қорытындылау барысында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы «Узархив» агенттігінің арасында архив ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өткізілді.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
01 наурыз 2024 жыл
2024 жылғы 29 ақпанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.А.Жұматаева, директор орынбасары М.М.Бейсембаева және басқа да архив қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік архиві дайындаған «Кеңестік Қазақстан: денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуы мен дамуы (1917-1937 жж.)» атты құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесеріне қатысты.


29 ақпан 2024 жыл
2024 жылдың 29 ақпанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде жұмыс сапарымен Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Қабылұлы Құспан болды.


23 ақпан 2024 жыл
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында 2024 жылғы 23 ақпанда сағат 10:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтті.


22 ақпан 2024 жыл
2024 жылдың 22 ақпанында ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының келесі мәселелер қаралған отырысы өтті


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz