2023 жылғы 7-8 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайында (Астана қ.) Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының қабылданғанына 25 жыл толуына және Қазақстан Республикасы астанасының 25 жылдығына арналған «Astana archive fest» Халықаралық архивистер форумы өтті.
Форум бағдарламасына «Архивтер: ақпараттық қоғамнан білім қоғамына» ашық диалогы, шеберлік сабақтары, архив ісінің түрлі мәселелері және Қазақстан халқының құжаттық мұрасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша презентациялар мен баяндамалар кіреді. Шараға арнайы тарихи-құжаттық көрме дайындалды.
Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Ә. Жүдебаев және Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Узархив агенттігінің директоры У.М. Юсупов құттықтау сөз сөйледі.
Архив ісі ардагерлері мен архив саласы мамандарын, сондай-ақ «Жас архивші» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкімет аппаратының, министрліктер мен ведомстволар өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Астана қаласы әкімдігінің, архив және ғылыми мекемелер өкілдері, архив ісінің ардагерлері, қалың жұртшылық өкілдері, сондай-ақ Өзбекстан Республикасынан келген әріптестеріміз қатысты.
Форум қатысушыларының қатарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б. Жұматаева болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.