Новости:
22 ақпан 2024 жыл
2024 жылдың 22 ақпанында ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының келесі мәселелер қаралған отырысы өтті:
1) ҚРБҒМ ҒК «Генетика және физиология институты» ШЖҚ Істер номенклатурасы; 2) «Математика және математикалық модельдеу институты» ҒЗИ СК туралы ереже 3) «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ведомстволық архив және сараптау комиссиясы туралы ережелері, Істер номенклатурасы; 4) «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМҚК Істер номенклатурасы; 5) «Ионосфера институты» ЖШС ведомстволық архив және сараптау комиссиясы туралы ережелері, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары; 6) «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС ведомстволық архив және сараптау комиссиясы туралы ережелері, Істер номенклатурасы; 7) ОМҒТҚА жинақтаудың әлеуетті көздері болып табылатын мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың тізімі; 8) «Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 2004-2010 жылдардағы тұрақты сақтаудағы құжаттардың № 1-6 (жалғ) істер тізімдесі (2004-2010), жеке құрам бойынша № 1 ж (жалғ.) істер тізімдемесі (2004-2010), № 1 жұмыстан босатылған қызметкерлердің (жалғ) тізімдемесі (2004-2010), сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы акті.
Талқылау барысында сарапшылар мен сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының мүшелері ұсынылған құжаттарға қатысты өз пікірлерін білдірді. Барлық құжаттар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz