1948 ж. 10 қаңтарында Алматы облысының Жамбыл ауданында экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық ғылымдары Академиясының академигі Алтынбек Бәкірұлы Молдашев туылды.
Оның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары – мамандану және шаруа аралық кооперация, агроөнеркәсіптік кешендегі интеграция; еліміздің АӨК нарықтық қатынастарының қалыптасу мәселелері; ауыл шаруашылық өнімдері негіздерінің қалыптасуы мен нарығының дамуы; ауыл шаруашылық құралымдарының материалды-техникалық қамсыздандыру және қызмет көрсету мәселелері.
150-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
ОМҒТҚМ № 168 А.Б. Молдашевтың жеке қоры сақталуда.
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.