2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.
Бейнеконференция «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі Кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды, оның мақсаты шетел архивтеріндегі Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты жазба дереккөздер мен архивтік материалдарды анықтау болып табылады.
Иржи Шима қазақстандық архившілерінің ағымдағы жылдың маусым айында келгенге дейін Чехияның архивтері мен кітапханаларында Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды, материалдар мен кітаптарды іздеу бойынша өз көмегін ұсынды. Бұл өз кезегінде ОМҒТҚА қызметкерлерінің іссапар барысында жемісті жұмыс атқаруына өз септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.