1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қалалық мектеп оқушылары мен архив қызметкерлері үшін Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған «Мәңгілік полк» құжаттық көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты – жас өспірімдердің ардагерлердің ерлігіне терең құрмет пен ризашылық сезімін ояту, олардың ерліктеріне мақтаныш сезімін ояту, сонымен қатар архив құжаттары негізінде тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру. Бұл жас ұрпақ арасында жалпыадамзаттық құндылықтарды тәрбиелеуге ықпал етеді.
Көрмеге Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық архивінде мемлекеттік сақтаудағы соғыс жылдарындағы фотоальбомдардан фотосуреттер, жеке заттар, майданнан келген хаттар, медальдар мен ордендер, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларының марапаттау парақтары қойылған.
2024 жылғы 2 желтоқсанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «АЙБОЗ» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.
2024 жылы 22 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.
2024 жылғы 21 қарашада Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Ұлттық архив базасында «Мемлекеттік архивтердің жариялау қызметі» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
ОМҒТҚА қызметкерлері 2024 жылы 19-қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама, кітап ісі комитеті “ Орталық мемлекеттік архив” республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.Қ. Шілдебайдың “ Қазақ АКСР мемлекеттік билік жүйесінің өкілдері” атты ғылыми анықтамалығының таныстырылымына қатысты.