2024 жылғы 22 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және құжаттарға ҒАА бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивист Айсара Байсарина архив қызметкерлері үшін «ОМҒТҚА құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қоймаларда құжаттарды жылжыту және орналастыру, құжаттарды сақтау режимі» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.
Ол құжаттарды сақтаудың нормативтік шарттары мен материалдық-техникалық базасын құру және сақтау жөніндегі шаралар кешенін айтып, слайд негізінде көрсетті: қойма үй-жайлары, құжаттарды сақтау құралдары, күзет және сақтау қауіпсіздігі құралдары, климаттық бақылау. Сондай-ақ, жас архившілер стеллаждар мен сақтау сөрелерін нормаларға сәйкес орналастыру ерекшеліктері, архив істерінің бар болуы мен жағдайын тексеру тәртібі туралы ақпарат алды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.