Новости:
20 қантар 2016 жыл
2016 ж. 15 қаңтарында «Архивисты и архивы Казахстана. ХХ–ХХI вв.» атты құжаттар мен материалдар жинағының жауапты құрастырушысы, ОМҒТҚА қызметкері Е.М. Грибанова ҚР ОМА, ОМҒТҚА, ҚР ОМКДЖА, ҚР ҚАІҒТАО және ҚР ШФҚЖОЗ ұжымдарына кітаптың таныстырылымын өткізді. 2015 ж. 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына қол қойылған күні жинақты шығарған ҚР Президенті архивінде мемлекеттік архивтердің және архив мекемелерінің басшыларына, архив саласының ардагерлеріне және олардың ұрпақтарына ресми таныстырылымы өткізілген. Кейінірек ол осы архивтің бүкіл ұжымына таныстырылды.
Басылымға деген қызығушылық оның бірегейлігімен түсіндіріледі: жариялауға түрлі жанрдағы материалдар таңдалған, олардың көпшілігі бастамалық құжаттар болып құрастырылған. Сөз тек естеліктерде, интервьюде емес, сонымен қатар мерейтойлық панегирик, қазанама, зерттеу мақалалары туралы. Жинақта аталған материалдармен қатар ресми сипаттағы құжаттардың топтамалары жарияланды. Кітапқа кірген материалдар ұзақ уақыт құрастырылды, 1920-2014 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды. Олардың бөлігі шағын тиражбен шығарылып және қазіргі уақытта оқырмандардың кең ауқымына қолжетімді емес ведомстволық басылымдарда жарияланды. Ең алғашқы жарияланымның датасы – 1965 жыл. Ұзақ жылдар бойы бастамашылық жеке тұлғалық сипаттағы құжаттарда ақпаратты баяндауға, ал тап мынадай құжаттар жинақта жарияланған, көзқарас өзгеріп тұрды. 2013–2015 жж. жасалынған архивистердің: Г.А. Даулбаева (1986-1995 жж. ОМҒТҚА директоры), Р.Б. Куватова (1965–1997 жж. партия архиві секторының қызметкері, одан кейін ҚР ПА), П.В. Олейниковалардың (1974–1984 жж. ОМҒТҚА бірінші директоры) интервью мен еске түсіру жазбалары ертеректегі 1980–1990 жж. жазбалардан айтарлықтай ерекшеленеді.Оларда құрастырушылар бірінші кезекте азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің тарихы мен саясатының берілген әсерін бейнелеуге тырысты. Құрастырушылар архив кәсібінде мамандардың өзін және өз әріптестерінің жеке қабылдау призмасы арқылы Қазақстанның архив саласының құрылуын, қалыптасуын, дамуын көрсету мақсатын орындады. Кітап анықтағыш, энциклопедия емес. Бірақ, кітапта архив ісіне өз өмірін қиған, сондай-ақ, басқа да көптеген мамандардың, істеген аймақтың және жұмыс орындарына қарамастан, саладағы ең танымал мамандардың, басшыларының және Мәскеу мемлекеттік тарихи-архив институтының түлектерінің тегі көрсетілген.Сонымен қатар, саланың қалыптасуы және алғашқы архивистердің қызметі туралы жеке мақалалармен бірге егемен Қазақстанның архив қызметінің құрулуының бастауында тұрған әлі жұмыс істейтін ардагерлер Е. К. Жусуповтың, М. В. Чупровтың, орталық мемлекеттік архив директорлары Л.С. Актаеваның, Г.С. Сарсенованың, А.Ф. Сеитованың естеліктері ұсынылған.
Кітапта 26 фотосурет жарияланды, олардың ішінде 4 ғана жеке портреттік, қалғандары – топтық. Құрастырушылар оларды аннотациялауда бейнеленген адамдарды жеке-жеке атауға тырысты. Жинақтың ғылыми-анықтамалық аппаратында алғы сөз, 2005–2013 жж. "Қазақстан мұрағаттары" кәсіптік журналында жарияланған мерейтойлық мақалалар тізімі, есімдер көрсеткіші, авторларының тізімі, жарияланған материалдардың басым бөлігі орыс тілінде болғандықтан жинақтың қазақ тіліндегі аңдатпасы ұсынылған.
Басылым Қазақстанның архив ісінің тарихын, сонымен қатар, күнделікті тіршілікті зерттейтін оқырмандарға айтарлықтай көмек көрсетеді.








Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
26 қараша 2025 жыл
2025 жылдың 26 қарашасында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген көрнекті ғалым, саяхатшы және этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай ұйымдастырған «Ш. Уәлиханов пен Г.Н. Потанин» көрмеге қатысты.


10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.


07 қараша 2025 жыл
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.


06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz