Новости:
31 мамыр 2024 жыл
Бүгін қазақстандықтар 1997 жылдан бері Қазақстанда аталып келе жатқан саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтуде. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Қуғын-сүргін диірмені арқылы жүз мыңға жуық қазақстандық өтті, олардың көпшілігі атылды.
2024 жылғы 31 мамырда сағат 11.00-де Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің жоғары курс студенттеріне арналған «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» атты құжаттық көрме өткізді. Көрменің мақсаты - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, жоғары оқу орындары студенттерін сол қайғылы оқиғалардың тарихымен таныстыру, жастардың бойында патриоттық сезімдерді қалыптастыру, өз халқының тарихи өткеніне құрмет көрсету болды.
Көрмеге келесі құжаттар қойылды: Қазақстанға депортацияланған гректер тізімдері, Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі Ішкі істер басқармасы Спиридон Георгиевич Космеридидің 1942 жылдың маусым айында КСРО мемлекеттік қорғаныс комитетінің 1942 жылғы 29 мамырдағы қаулысы бойынша Краснодар өлкесінің Верхне-Баканск ауданынан Алматы қаласына қоныс аударғаны жөнінде архивтік анықтамасы және ақталу туралы анықтамасы; белгілі қазақстандық инженер және сәулет-құрылыс жобасын ұйымдастырушы, ҚР Ұлттық жобалаушылар қауымдастығының президенті, Қазақ КСР еңбек сіңірген құрылысшысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Әбдісағит Шаймұханбетұлы Тәтіғұловтың әкесі мен ағасының ҚР Бас прокуратурасы 2000 жылы берген ақталу туралы анықтамалары; ғалым, қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш медицина ғылымдарының докторы, профессор Халида Есенқұлқызы Маманованың Ақтөбе облысы прокуратурасының 2004 жылғы 15 шілдеде берген өзінің және ағасы Ежен Есенқұлұлы Мамановтың ақталу туралы анықтамалары және өзге де құжаттар қойылды.
Сондай-ақ, Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің мамандары студенттерді болашақ архив мамандары ретінде архив құжаттарын пайдалану бойынша жұмыс ерекшеліктерімен таныстырды. Студенттер тарапынан архивтік жұмысқа үлкен қызығушылық байқалды, олар архивтік тізімдемелерді жасау және архив құжаттарының жинақтарын дайындау бойынша сұрақтар қойды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 шілде 2025 жыл
Еліміздің барлық өңірлерінде бүгін Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтуде. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Домбыра – бабалар мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізді.


26 маусым 2025 жыл
2025 жылғы 25-26 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімі ведомстволық архив жұмысына жауапты ұйымдардың іс жүргізушілері мен қызметкерлері үшін «Мемлекеттік архив саясаты тұрғысынан ведомстволық архивтерді ұйымдастыру және дамыту» атты екі күндік семинар өткізді.


26 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві мен Алматы көпсалалы колледжінің ынтымақтастық туралы шарты шеңберінде архив директоры Баян Амантайқызы Жұматаева мемлекеттік емтихан комиссиясының төрайымы ретінде «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығы бойынша бітіруші студенттер үшін демо-емтихан өткізуге қатысты.


23 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева Алматы көпсалалы колледжінде бітіруші түлектердің алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыру мақсатында өткізілген «16 жаста алғашқы табысым» іс-шарасына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz