Новости:
03 маусым 2024 жыл
«Архив – 2025» кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Қазақстан тарихына қатысты шетелдік архивтер мен музейлерден құжаттарды анықтау бойынша Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметкерлері 2024 жылы Самара қаласында жұмыс жүргізді.
2024 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында ОМҒТҚА қызметкерлері И.Ерғалиева мен С.Саблин Самара қаласындағы өнеркәсіп және құрылыс, көлік, байланыс және өнертабыс саласындағы ресейлік ғылым мен техниканың тарихы бойынша құжаттарды сақтайтын бірегей орталық болып табылатын Ресей мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде анықтау жұмыстарын жүргізді.
Қаралған құжаттардың хронологиялық шеңбері XIX ғасырдың аяғынан ХХ ғасырдың ортасына дейін және олар негізінен машинкамен басылған түрде берілген. Бұл мысалы, сызбалар, ғылыми-техникалық есептер, патенттік құжаттама сынды ғылыми-техникалық құжаттаманың түрлері.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
23 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.


17 қантар 2025 жыл
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.


16 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.


08 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz