2024 жылдың 3 маусымында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде ұжымның жалпы жиналысы өтіп, онда архив қызметкерлері И.Ерғалиева мен С.Саблиннің ағымдағы жылдың 22 мамырынан 1 маусымына дейін «Архив 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Самара қаласындағы Ресей мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне іссапары барысы туралы ақпарат тыңдалды.
Ерғалиева Инабат Қайратқызы архивтегі жұмыс барысымен таныстырып өтті, оның барысында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының оқу ғимараттарының құрылысына, В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университеті), 1938 жылғы Алматыдағы Дене шынықтыру институты, сондай-ақ Қазақстан ғалымдарының патенттік құжаттары, типтік және тәжірибелік тұрғын үй құрылысы орталық ғылыми-зерттеу және жобалау институтының Алматы қаласындағы типтік тұрғын үйлердің жер сілкінісіне төзімді құрылысына қатысты ғылыми-техникалық жұмыстары, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жағдайын зерттеу бойынша Орталық құрылыс ғылыми-зерттеу институтының құжаттары сынды Қазақстан тарихына қатысты құжаттар анықталды.
Анықталған құжаттар негізінде көшірмелер сатып алынып әкелінді, олар ғылыми-техникалық өңдеу жүргізгеннен және құжаттардың тізбесі дайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорына енгізілетін болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.