Новости:
04 маусым 2024 жыл
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қоғамның саяси мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, рухани-идеялық-адамгершілік мәдениеттің дамуына және тәуелсіздік пен елдің бірегейлігі идеяларының жүзеге асуына ықпал етеді. Олар өз Отанына қызмет ету, халықтың тарихи тамыры мен дәстүрін қастерлеудің биік мұраттарын бейнелейді.
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде еліміздің мемлекеттік әнұранын орындаумен басталған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік шара өтті.
Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және құжаттарға ҒАА бөлімінің басшысы К.Насырова құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің маңыздылығына тоқталды: «Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуде жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы ерекше. Рәміздерді құрметтеу, маңызын біліп, жан-тәнімен қабылдау – отансүйгіштіктің белгісі. Әрбір қазақ азаматы Әнұранды жатқа біліп, Елтаңба тарихын ұғынып, Туымыздың мәңгілік көк аспан астында мақтанышпен желбіреуіне күш салса, бұл мемлекеттік рәміздерімізге деген құрметтің белгісі болар еді».
Барша отандастарымызды еліміздің Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, амандық пен жер бетінде бейбітшілік тілейміз!


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
23 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.


17 қантар 2025 жыл
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.


16 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.


08 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz