Новости:
05 маусым 2024 жыл
2024 жылдың 5 маусымында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысып, «Архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудің заманауи технологиялары» секциясының модераторы болып «Ведомстволық және жеке архивтерде ҒТҚ сақтау мәселелері» атты баяндамамен сөз сөйледі.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен
Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Узархив»
агенттігінің 2023-2026 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімдерді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі практикалық іс-шаралар жоспарының 2-тармағын
жүзеге асыру, архив ісі бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты
дамытып, архивтерді дамытудың инновациялық идеяларын қалыптастыру, іс-тәжірибемен алмасу болды.
Конференция жұмысы келесі бағыттарды камтыды:
- Қазакстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының архивтерінде сакталған құжаттар бойынша көрмелердің тұсаукесері:
- Конференцияның пленарлык бөлімі, Секциялық жұмыстар;
- Тарихты зерттеудегі архив құжатарының орны мен рөлі;
- Архив саласы: жағдайы және даму перспективалары;
- Архивтік құжаттарды сақталуын камтамасыз етудің заманауи технологиялары. Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің және «Узархив» агенттігі өкілдері, Қазақстан және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік архивінің басшылары, Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің, Түркістан облысы мемлекеттік архивтерінің қызметкерлері, тарихшылар, өлкетанушылар, БАҚ өкілдері, ЖОО студенттері қатысты.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Өзбекстан Республикасының «Узархив» агенттігі және Шымкент қалалық мемлекеттік архиві «Өзбекстан архивтеріндегі Қазақстан мемлекетінің тарихы» бірлескен көрмесін ұйымдастырды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
23 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.


17 қантар 2025 жыл
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.


16 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.


08 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz