Новости:
07 маусым 2024 жыл
2024 жылғы 6 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.Жұматаева Шымкент қалалық мемлекеттік архиві ұйымдастырған «Қазақстан мен Өзбекстан: екі ел арасындағы архив саласының даму аспектілері» атты дөңгелек үстелге қатысты. Шара модераторы Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директоры Амангелдиева Айпар Шажалықызы болды.
Баян Амантайқызы өз сөзінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық архивінің ұйымдар қорлары және жеке тектік қорлары құжаттар негізінде ұсынылған «Химик ғалымдар» атты бірлескен архивтік құжаттар көрмесінің дайындалуы және тұсаукесері туралы ақпаратпен бөлісті. Атап айтқанда, көрнекті физик-химик, қышқылдар мен негіздердің жалпыланған теориясының авторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Өзбек және Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері, химия ғылымдарының докторы, профессор Михаил Ильич Усановичтің құжаттарын атауға болады.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Қабылұлы Құспан қатысты .
Сондай-ақ шараға Қазақстан мен Өзбекстанның архив мекемелерінің басшылары, тарихшылар, БАҚ өкілдері қатысты.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
23 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.


17 қантар 2025 жыл
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.


16 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.


08 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz