Новости:
12 маусым 2024 жыл
Бүгінгі таңда қазақстандық архивтерде шетелдік архивтерден Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдардың көшірмелерін анықтау бойынша "Архив-2025" бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.Жұматаева мен қызметкерлер А.Омарбеков пен Н. Нұрбеков құрамындағы жұмыс тобы Грузия Әділет министрлігіне қарасты Грузия Ұлттық архивінде ғылыми жұмыс жүргізуде. Архив құрамында 4 орталық және 20-ға жуық өңірлік архивтер бар.
Грузияның бірінші демократиялық республикасын құру туралы архивтік құжаттарды, Грузия ұлттық кеңесінің бірінші отырысының хаттамаларын, тәуелсіздік жариялау құжаттарын сақтайтын Ұлттық архив елдің саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми мүдделеріне қызмет етеді. Бүгін қазақстандық архившілер Грузия Ұлттық архивінің Бас директоры Теона Иашвилимен кездесті, ол елдің ірі ғылыми орталығы және құжаттық қазынасының сақтаушысы болып табылатын архивтің тарихымен таныстырды.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
10 шілде 2024 жыл
Бүгінде қоғам өмірдің барлық саласына еніп үлгерген цифрландыру дәуіріне көшуде. Бұл, мысалы, гаджеттеріміздегі цифрлық қызметтердің көмегімен күнделікті қажеттіліктерімізді қамтамасыз ететін қызмет түрлері.


05 шілде 2024 жыл
Қазақ поэзиясының ақыны Қадыр Мырза Әлі ағамыздың «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» сөздері ұлтымыздың бойтұмары – қазақтың қара домбырасының қасиетін ашып тұрғандай.


04 шілде 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Әзербайжан архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында құжаттар мен материалдар анықтау бойынша жұмысты бастады.


26 маусым 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің жұмыс тобы Грузияда Қазақстан тарихы қатысты құжаттар мен материалдар анықтау бойынша архивтерімен қатар кітапханаларында да жұмыс жүргізуде.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz