Новости:
22 қантар 2016 жыл
25 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бірінші директоры (1974–1984 жж.), Қазақстанның архив ісінің ардагері Павлина Васильевна Олейникованың туылған күні.
Павлина Васильевна 1927 ж. Сібірде туылған. 1944 ж. оның әкесін соғыстың алдында Сталинабад қ. (қазіргі – Душанбе қ.) жіберген орта мектебін үздік бітіріп, осында эвакуацияланған Одесса технология институтына оқуға түсті. Одесса қ. босатылғаннан кейін, институт ұжымы еліне оралды. Павлина Васильевна курстастарымен бірге осы қалаға кетті. Оқу кезінде оның туыстары Алматы қ. көшті. Сондай-ақ, 1947 ж. Павлина Васильевна анасының өтініші бойынша білімін аяқтамай Алматы қ. көшіп келді. Павлина Васильевна әскери қызметшімен тұрмыста болғандықтан жұмыс орындарын өзгертіп тұрды.
1957 ж. бастап ол Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас архив басқармасының қызметкері. 1963 ж. Павлина Васильевна С.М. Киров атындағы ҚазМУ тарих факультетін сырттай аяқтағаннан кейін әр жылдары Қазақ КСР ОМА бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің басшысы болып жұмыс істеді.
1974 ж. 7 ақпанында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві құрылды және осы архивтің директоры болып П.В. Олейникова тағайындалды. Ол осы лауазымды 10 жыл бойы атқарды.
2005 ж. П.В. Олейникованың (№ 154) жеке қор құжаттары ОМҒТҚА мемлекеттік сақтауға қабылданды.








Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 5 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған «Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар, тарихи мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


01 тамыз 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы Халықаралық архитекторлар академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген саулетшісі, Алматы қаласының Құрметті азаматы
Ералиев Тоқтар Ералыұлының өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтады.


24 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 24 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері – Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың 100 жылдығы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсын Әбуовтың 90 жылдығына орай өткізген «Қазақ өнерінің қос шебері» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.


23 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 23 шілдеде Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың 32 құжаттар жобалары қаралды


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz