Новости:
12 маусым 2024 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері А.Байтуова және Н. Әбдірасіл Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп Алматы қаласында өткізіп жатқан VII Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі жұмысына қатысуда. Биылғы жылы Жазғы мектеп цифрлық трансформация жағдайында архивтерді жинақтаудың өзекті мәселелеріне арналған. Отандық және шетелдік ғалымдардың, сарапшылар мен тәжірибешіл мамандардың архив қорын, оның ішінде электрондық құжаттармен қалыптастыру мәселелері бойынша дәрістер, семинарлар мен шеберлік сабақтары өтуде.

Жазғы мектепке қатысқан архив мекемелерінің жас мамандары, архив ісі және құжаттану саласында мамандырылатын студенттер, магистранттар мен докторанттар кәсіби біліктіліктерін арттырары сөзсіз.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 шілде 2025 жыл
Еліміздің барлық өңірлерінде бүгін Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтуде. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Домбыра – бабалар мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізді.


26 маусым 2025 жыл
2025 жылғы 25-26 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімі ведомстволық архив жұмысына жауапты ұйымдардың іс жүргізушілері мен қызметкерлері үшін «Мемлекеттік архив саясаты тұрғысынан ведомстволық архивтерді ұйымдастыру және дамыту» атты екі күндік семинар өткізді.


26 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві мен Алматы көпсалалы колледжінің ынтымақтастық туралы шарты шеңберінде архив директоры Баян Амантайқызы Жұматаева мемлекеттік емтихан комиссиясының төрайымы ретінде «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығы бойынша бітіруші студенттер үшін демо-емтихан өткізуге қатысты.


23 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева Алматы көпсалалы колледжінде бітіруші түлектердің алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыру мақсатында өткізілген «16 жаста алғашқы табысым» іс-шарасына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz