Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Әзербайжан архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында құжаттар мен материалдар анықтау бойынша жұмысты бастады.
Қазақстандық делегацияны Әзербайжан Республикасы Ұлттық архив басқармасының басшысы Әскер Әділ оғлы Расулов құрметпен қарсы алып, архивтерде жұмыстары қызықты әрі нәтижелі болуына тілектестігін білдірді.
Сондай-ақ, архившілер Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде, Мемлекеттік дыбысжазбалар архиві мен Мемлекеттік архивінде болды. Олар үшін архив мекемелерінің басшылары экскурсия өткізіп, тарихы және қызметімен таныстырды.
2024 жылғы 2 желтоқсанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «АЙБОЗ» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.
2024 жылы 22 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.
2024 жылғы 21 қарашада Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Ұлттық архив базасында «Мемлекеттік архивтердің жариялау қызметі» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
ОМҒТҚА қызметкерлері 2024 жылы 19-қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама, кітап ісі комитеті “ Орталық мемлекеттік архив” республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.Қ. Шілдебайдың “ Қазақ АКСР мемлекеттік билік жүйесінің өкілдері” атты ғылыми анықтамалығының таныстырылымына қатысты.