Бүгінде қоғам өмірдің барлық саласына еніп үлгерген цифрландыру дәуіріне көшуде. Бұл, мысалы, гаджеттеріміздегі цифрлық қызметтердің көмегімен күнделікті қажеттіліктерімізді қамтамасыз ететін қызмет түрлері. Цифрландыру қазір барлық жерде және осы инновациялық процестерде архивтер үлкен рөл атқарады, өйткені ол электронды архив – құжаттарды электронды түрде сақтау жүйесі, сақтаудың сенімділігін, құпиялылығын, іздеудің ыңғайлылығы мен жылдамдығын қамтамасыз етеді.
2024 жылғы 10 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің дирекция отырысы өтті. Онда ОМҒТҚА толықтыру көздері болып табылатын білім беру саласындағы ұйымдарда электронды құжат айналымы жүйелерін пайдалану тақырыбы қозғалды.
ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің маманы Н. Әбдірасілов ұйымдарда электронды құжатайналым желісі құжаттарға қолжетімділікті арттыратынын және қашықтықта құжаттармен жұмыс жүргізу уақытын үнемдейтінін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.