Новости:
25 қантар 2016 жыл
2016 ж. 22 қаңтарында ОМҒТҚА қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстанға – 25 жыл» тақырыбында кең ауқымды кітап көрмесінің салтанатты ашылуына және Қазақстан Республикасы Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ұлттық рухы» атты дөңгелек үстеліне қатысты.
13 бөлімді кітап көрмесіне кітапхана қорынан тәуелсіз еліміз дамуының негізгі кезеңдерін баяндайтын қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі 3000-нан астам басылым қойылған.
Аталмыш шаралардың мақсаты – тәуелсіздік тұғырының биіктігін жас ұрпақ бойына сіңіру мен оларды отансүйгіштік пен патриоттыққа баулып, бабалар аңсаған тәуелсіздік құндылықтарын қастерлеуді үндеу. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы тәуелсіздік тарихы мен осы кезеңдегі әдебиет пен өнер, білім мен мәдениет, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы жетістіктер көрініс тапқан әдебиеттерді кеңінен насихаттау көзделген.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, жазушылар мен БАҚ өкілдері, ардагерлер, мемлекеттік архивтердің, кітапхана қызметкерлері, зерттеушілер, жастар қатысты.









Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
14 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


07 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.


29 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.


28 маусым 2026 жыл
28 маусым – елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz