2023 жылғы 15 шілдеде ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда толықтыру көздері-ұйымдардан келіп түскен құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары, істер номенклатуралары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер қаралды.
Талқылау барысында сарапшылар мен СТжӘК мүшелері ұсынылған құжаттар бойынша білдірген пікірлерін құрастырушылар қабылдады. Барлық құжаттар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.