Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қазір Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттар архивінде, Ғылыми-ақпараттық кітапханада жұмыс жүргізуде. Кітапханада архившілер кітапханаға түскен әрбір басылым туралы оқырманды қызықтыратын барлық ақпаратты қамтитын каталогтармен жұмыс жасады.
Мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттар архивінде жұмыс өте қарқынды өтуде. Қазақстандық архившілерді құжаттар анықтаумен қатар архив жұмысымен таныстырып, жоғары технологиялық архивтік құрал-жабдықтармен жабдықталған материалдық-техникалық базасы көрсетілді. Мысалы, олар бірнеше секунд ішінде жүздеген беттерді құрайтын істерді сканерлей алатын сканердің жұмысын көрді. Ал екі қабатты қоймаларда бірінен екіншісіне баспалдақпен көтерілуге болады. Ол жерде бүгінде архивтік сөрелерінде бос орынның болуы да маңызды, өйткені қоймалардың толықтығы саланың өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.