Конституция күні барлық елдерде ерекше қастерлі мереке болып табылады, өйткені еліміздің негізгі заңы ел азаматтарының негізгі құқықтарын қамтамасыз ететін құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Негізгі Заңға сәйкес Қазақстан президенттік басқару нысанын бекітіп, өзін демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет деп жариялады, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Бүгін осы айтулы мерекеге орай Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде салтанатты жиын өтті.
Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы- Смағұлова Әйгерім Әбілбайқызы әріптестерін осындай маңызды күнмен құттықтап, Конституцияны қатаң сақтау мемлекеттің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі екенін атап өтті. Негізгі заң бойынша өмір сүруді үйрену – демократияның ең жоғарғы мектебі. Ата Заң мемлекет пен қоғамның даусыз дамуына кепілдік береді, ел азаматтарының бойына үміт ұялатады, Отанға деген патриоттық сезімді тәрбиелейді, заңды сақтау мен адам құқығын құрметтеу мәдениетін қалыптастырады.
Ұлттық архив қорын толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің басшысы Ерғалиева Инабат Қайратқызы "Бүгінде Конституция негізінде елімізде саяси-экономикалық тұрақтылық, жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүруі, әлеуметтік, ұлттық бірлік пен келісімге қол жеткізілді деп толық сеніммен айта аламыз", - деді.
2025 жылғы 6 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві өткізген «Ұлттық тарихты сақтау мен зерттеудегі кино-фотоқұжаттардың рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері жалпы жоспарлы қалалық сейсмикалық жаттығуларға қатысты. Олар апаттық чемодандарын дайындап, эвакуация пунктін – М.Ю. Лермонтов атындағы драма театры ғимаратын анықтады.
Қазақстан-түрік ынтымақтастығы барлық салаларда қарқынды дамуды жалғастыруда. Бұл ортақ тарих, тіл, экономика, мәдениет және басқа да салаларға негізделген екіжақты қарым-қатынастар.