Новости:
27 қантар 2016 жыл
2016 жылдың 29 қаңтарында геология-минералогия ғылымдарының докторы Людмила Кузьминична Диденко-Кислицинаның туғанына 90 жыл.
Людмила Кузьминична 1926 ж. Ақмола қ. (қазіргі – Астана қ.) туылған. 1944 ж. Қарқаралы орта мектебін үздік бітіріп Харьков авиация институтына оқуға түсті. Ол жерден А.М. Горький атындағы Харьков мемлекеттік университетінің география-геология факультетінің 2-ші курсына ауысып, 1949 ж. бітірді.
Оның айтуынша аталған ЖОО түсуге келесі сұраққа жауап беру қажеттілігі болды: «Неге Қарқаралы таулардың шыңдарында Чертовое және Бассейн көлдері пайда болған?».
Университетті бітіргеннен кейін 20 жыл бойы алдымен геоморфолог-геолог, содан кейін – аға геолог және партия бастығы болып далалық жағдайларда геологиялық партиялар мен экспедицияларда жұмыс істеді.
1950–1951 жылдар аралығында Людмила Кузьминична Қазақстанның бүкіл аумағындағы алтын желісінің зерттелу картасын құрастырды. 1952 -1962 жылдар аралығында ол Жоңғар Алатауында морфологиялық және геологиялық түсірілімдердің түрлі масштабтарында жұмыс жасады. Л.К. Диденко-Кислицина өзінің кайнозой шөгінділеріндегі фауналық табыстарымен Жоңғар Алатауының стратиграфикалық схемасын құрастыру жұмыстарын, неотектоника, палеография, жер бедерінің қалыптасу тарихын және алтын шашрандыларының пайда болу жағдайларын әзірлеу ісіне елеулі үлес қосты.
1963-1966 жылдар аралығында 1:1500 000 масштыбты, Қазақстанның және шекаралас аумақтарының геологиялық картасын құрастыруға және баспадан шығаруға қатысып КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған. Одан басқа Людмила Кузьминична 1:1000 000 масштыбты КСРО Геологиялық картасын құрастыруға қатысты.
1968 ж. өндірістен қол үзбей жүріп, кандидаттық диссертация қорғады және оған геология-минералогия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
Л.К. Диденко-Кислицина - көптеген геологиялық есептердің авторы, оның ішінде 4-уі шашыранды алтын және рудалық емес пайдалы қазбалар қорының есептеуімен.
Людмила Кузьминичнаның 100 астам ғылыми еңбектері бар, оның 17-сі жарияланған 1:1 500000, 1:1000000 және 1:500000 масштыбты Мемлекеттік геологиялық карталар.
Оның жарияланымдарының арасында - Қазақстанның көрнекті геологтары: В.С. Баженов, В.Ф. Беспалов, А.А. Абдулин, Н.Г. Афоничев, Ф.Г. Волков, «Волковгеология» және «Южказгеология» өндірістік геологиялық бірлестіктердің қызметкерлері туралы автордың естеліктері енген «Живая легенда» (2007) атты кітабы. Бұл кітаптың атауы кездейсоқ емес - Людмила Кузьминичнаны Жоңғардың солтүстігінде жергілікті тұрғындар «тірі аңыз» деп атаған. 1940-1990 жылдар аралығында Қазақстанның аумағын және жер қойнауын зерттеу кезіндегі геологтардың жұмыс жағдайын бейнелейтін «Мемуары бабушки Люси» қысқа, ойдан шығарылмаған әңгімелер жинағы.
2006 ж. Л.К.Диденко-Кислицинаның (№ 155) жеке қор құжаттары ОМҒТҚА мемлекеттік сақтауға қабылданды.









Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.


07 қараша 2025 жыл
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.


06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


31 қазан 2025 жыл
2025 жылғы 31 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің басшылық құрамы және қызметкерлері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасы қазақ тіл білімін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қоңыровтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізген «Когнитивтік лингвистикадағы теңеу концептісі: ұлттық дүниетаным және тіл» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz