Новости:
08 қыркүйек 2024 жыл
Бүгін елордада көпшілік асыға күткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылуы өтті.
Ойындарға 100-ден астам елден 4 мыңға жуық қатысушы келді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды.
Ойындар Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін дамытуға септігін тигізеді және шағын және орта бизнестің, оның ішінде туризм, халықтық қолөнер, қызмет көрсету салаларындағы мүмкіндіктерін іске асыруына жағдай жасалады.

Көшпенділер ойындарының бай мәдени және спорттық бағдарламасы Қазақстандағы этникалық туризмді дамытуға серпін беретіні сөзсіз.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыс бағдарламасына сәйкес спорттың 20 түрінен жарыстар өтеді. Сонымен қатар спорттың 10 түрі арнайы таныстырылым ретінде дүйім жұртқа таныстырылады.
Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық спортшы қатысады. Спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Амантайқызы Жұматаева ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты архивтік мекемелер басшылары қатарында Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанатына қатысты


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
16 наурыз 2025 жыл
Қазақстанда жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген. Ондағы негізгі мақсат - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі саналатын ана тілін құрметтеу, ұлт құндылығын насихаттау.


15 наурыз 2025 жыл
Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Миллиондаған қазақстандықтар атсалысып жүрген қайырымдылық іс-шаралары осыны көрсетеді.


14 наурыз 2025 жыл
2025 жылдың 14 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі «Көрісу күні» өтті.


07 наурыз 2025 жыл
2025 жылғы 7 наурызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсел Тұрсыналиева 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, архив директоры Баян Амантайқызына және бір топ әріптестеріне «Қазақстандық салалық мәдениет спорт туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрайымы С. Имақұлованың Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі, әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы жемісті еңбегі үшін және 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай берілген Алхыс хаттарын табыстады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz