Новости:
11 қазан 2024 жыл
10-11 қазан күндері бастап Орталық ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері И.Ерғалиева мен С.Саблин Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан «Archival and sources studies trends and challenges» ( «Архив ісі және деректану саласындағы тенденциялар мен проблемалар») атты 9-шы халықаралық ғылыми конференцияға қатысуда.
Конференцияның мақсаттары: ғылыми жаңалықтарды жалпылау; грузин және шетелдік ғалымдар арасындағы берік ғылыми ынтымақтастыққа жәрдемдесу; мәдениетаралық және пәнаралық зерттеулерді ынталандыру; мәдени мұраны басқарудың заманауи талаптарына қалай бейімделу керектігін анықтау; сандық гуманитарлық ғылымдардағы инновациялармен бөлісу.
Конференцияның ғылыми бағыттарының ішінде тарихты, деректануды, архивтануды, цифрлық архивтер мен деректер қорын ерекше атап өтуге болады.
ОМҒТҚА архившілері конференцияда «Қазақстан Республикасы Орталық ғылыми-техникалық құжаттама архиві: қазіргі кезеңдегі негізгі тенденциялар мен проблемалар» атты баяндама жасады.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ведомстволық бағынысты архив мекемелерінің ұжымдары - Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві Zoom платформасында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің қолдауымен «Қазақстандық архившілер мен құжаттанушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жаңа Конституция жобасының тармақтарын түсіндіру бойынша ұйымдастырған «Конституциялық реформа - қоғамның даму жолы» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.


02 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 2 ақпанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Жаңа Конституция жобасына қолдау білдіріп, оны түсіндіруге және талқылауға бағытталған «Ата Заңның негізгі қағидаттары – жарқын болашақ кепілі» дөңгелек үстелі өтті.


21 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші өтті.


20 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен түсірілген және халықаралық марапаттарды иеленген «Қарлығаш» (Swallow) деректі фильмінің көрсетіліміне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz