Новости:
30 қазан 2024 жыл
2024 жылғы 30 қазанда ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында толықтыру көздері болып табылатын 11 ұйымдардың құжаттар жобалары қаралды: істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері.
Талқылау барысында ЕПМК сарапшылары мен мүшелері ұсынылған құжаттар бойынша өз пікірлерін білдіріп, толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда іс қағаздарын жүргізуге жауапты өкілдеріне кеңестер берілді. Ескертулер құрастырушылармен қабылданып, құжаттар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
26 қараша 2025 жыл
2025 жылдың 26 қарашасында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген көрнекті ғалым, саяхатшы және этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай ұйымдастырған «Ш. Уәлиханов пен Г.Н. Потанин» көрмеге қатысты.


10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.


07 қараша 2025 жыл
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.


06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz