ОМҒТҚА қызметкерлері 2024 жылы 19-қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама, кітап ісі комитеті “ Орталық мемлекеттік архив” республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.Қ. Шілдебайдың “ Қазақ АКСР мемлекеттік билік жүйесінің өкілдері” атты ғылыми анықтамалығының таныстырылымына қатысты.
Шарада президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев сөз сөйлеп, С.Қ. Шілдебайды “Алтын барыс” төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатыса отырып, өз пікірлерімен бөлісті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.