2024 жылғы 21 қарашада Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Ұлттық архив базасында «Мемлекеттік архивтердің жариялау қызметі» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Семинардың пленарлық бөліміне Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің мемлекеттік саясат және құқықтық реттеу басқармасының басшысы Тащанова Салтанат Нұртасқызы төрағалық етті. Өз сөзінде ол Ұлттық архив қоры құжаттарын басып шығару ережелерін сақтау маңызды екенін атап өтті. Ұлттық архив директоры Сәғиля Есімсейітқызы да осы тақырыпта баяндама жасады.
Семинарға Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.А. Жұматаева қатысып, ғылыми-техникалық құжаттамаларды жариялау мәселесіне ерекше назар аударды, ғылыми-техникалық құжаттарымен жұмыс істеудің барлық ерекшеліктері мен кемшіліктерін атап өтті. Сондай-ақ, өңірлік архив мамандары да өз тәжірибелерімен бөлісті.
Талқыланған негізгі тақырыптар:
• Ғылыми журналдарда жариялау талаптары;
• Проспект – архив қорларының жариялау қызметінің бір түрі ретінде;
• БАҚ-та мақалалар жариялаудың негізгі аспектілері.
Семинардың қорытынды пленарлық бөлімі, ҚР Ұлттық архивіне таныстыру экскурсиясы және семинар жұмысының қорытындысы жасалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.