Новости:
17 қантар 2025 жыл
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.
Бозтаев Нұрлан «Полигон - 29 тамыз» халықаралық қоғамдық-қайырымдылық қорының атқарушы директоры және қоры кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. «Мұхаметжан Тынышпаевтың 130 жылдығы», «Семей полигонының жабылуына 20 жыл», «РВСН ардагерлері», «Ерекше тәуекел бөлімшесінің ардагерлері», «Қазақ хандығына 550 жыл» медальдарының иегері. «XXI ядролық қарусыз ғасыр. Семей өңірінің тұрақты дамуы», «Қазақстан мен Моңғолия - ортақ тарихи, мәдени және этникалық тамырлар», «Қазақстанның XXI ғасырдағы жаһандық тұрақтылық пен тұрақтылыққа қосқан үлесі» атты жинақтардың авторы. «Ядролық қарусыз әлем үшін», «Ұлы Түркі империясының тарихы», «Семей полигонын кім жапты» сынды көптеген деректі фильмдердің авторы және режиссері.
Іс-шара барысында Н.Бозтаев қысқаша Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне өткізген өзінің және әкесі Кешірім Бозтаевтың жеке тектік құжаттарына тоқталып өтті.
ОМҒТҚа бас сарапшысы Н.Биримкулова қатысушыларды «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томын дайындау бойынша атқарылған жұмыс, оған енгізілген жеке тектік қорлар иелері мен құжаттарының мазмұны және құрамы, ғылыми-анықтамалық аппарытымен таныстырып өтті. Жаңа басылымның тұсауын архивте жеке тектік қоры ашылған Нұрлан Кешірімұлы кесіп, архившілерге қорлары құнды құжаттармен толыға берсін деген тілегін білдірді.
Дөңгелек үстел аясында Н.Бозтаевтың жеке тектік құжаттары қойылған көрме ұйымдастырылды.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын жаңа жеке тектік құжаттармен одан әрі толықтыру мақсатында зиялы қауым өкілдері және олардың мұрагерлерімен байланыс орнату және қолдау жұмыстары жалғаса беретініне сенім білдірді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 ақпан 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивші Саблин Сырым «Жеке тектік қорлардың құжаттары мен материалдарының құрамы. ОМҒТҚА-дағы жеке тектік қорлар құжаттарымен жұмыс жүргізу ережелері» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


31 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 31 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген тарих ғылымдарының докторы, профессор Х. Тұрсұнның, Қазақстанның «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының ғылыми хатшысы С.Қ.Қожықованың және Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ докторанты Х. Астың құрастыруымен жарық көрген «Қоңырқожа Қожықов – Ұлттық элитаның көрнекті өкілі» жинақтың таныстырылымына қатысты.


27 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 24 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Құлжанова Бақытгүл Райханқызымен


23 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz