Новости:
27 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 24 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Құлжанова Бақытгүл Райханқызымен өзінің жары – белгілі түркітанушы, ғалым, филолог, журналист, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сағындықұлы Берікбайдың жеке тектік құжаттарын Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне мемлекеттік сақтауға өткізу бойынша кездесті.
Архив директоры республикамызда халық шаруашылығының, ғылым мен техниканың аса құнды және соңғы жетістіктерін көрсететін ғылыми-техникалық құжаттаманың орталықтандырылған есепке алынуын, сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ететін бейінді архивтің қызметі, құжаттар мен қорлар мазмұнына тоқталып өтті.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
26 қараша 2025 жыл
2025 жылдың 26 қарашасында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген көрнекті ғалым, саяхатшы және этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай ұйымдастырған «Ш. Уәлиханов пен Г.Н. Потанин» көрмеге қатысты.


10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.


07 қараша 2025 жыл
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.


06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz