Новости:
10 ақпан 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивші Саблин Сырым «Жеке тектік қорлардың құжаттары мен материалдарының құрамы. ОМҒТҚА-дағы жеке тектік қорлар құжаттарымен жұмыс жүргізу ережелері» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.
Жеке тектік қорларды құру үдерісіне, жұмыс кезеңдері мен мемлекеттік сақтауға берілген жеке құжаттар мен материалдардың маңызына шолу жасалды. Бұл құжаттарда мемлекетіміздің дамуына, оның тәуелсіздігі мен егемендігіне елеулі үлес қосқан қайраткерлердің өмір жолы мен қызметі бейнеленген. ОМҒТҚА қор құрушылары - халық шаруашылығы, ғылым, медицина, техника және өзге де салалардың белгілі қайраткерлері.
Архив қызметкерлері жеке тектік құжаттармен жұмыс барысы қызығушылық тудырды. толғандырған барлық сұрақтарға сауатты жауаптар берілді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 5 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, профессор, Инженерлік академияның толық мүшесі Қуанғали Қуатбаевтың жеке қоры құжаттарына негізінделіп «Қуанғали Қуатбаев: архив құжаттарындағы ғылыми мұра» атты дөңгелек үстел және құжаттық көрме ұйымдастырылды.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті 6В02202-Тарих және Тарих-дінтану-6В01602 білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6В03204-Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша 1 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


04 маусым 2026 жыл
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы осы күні еліміздің жаңа Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны алғаш рет ресми түрде бекітілді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz