Новости:
24 ақпан 2025 жыл
2025 жылғы 20-21 ақпан күндері Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде өткен «Е-Архив» ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы республикалық семинар-кеңесіне қатысты.
Семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің, Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаментінің, «IServ» ЖШС, «ҰАТ» АҚ, архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету саласына басшылық ететін ЖАО өкілдері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының мемлекеттік архивтерінің, облыстық мемлекеттік архив мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар модульдерді сапалы толтыру, сараптамалық және сараптамалық тексеру комиссияларының функцияларын автоматтандыру, сондай-ақ жүйе арқылы электрондық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау бойынша ҚР Ұлттық архиві, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік архивтері қызметкерлерінің тәжірибесімен танысты.
Сонымен қатар, осы іс-шара аясында істер тізімдемесін жасау, істер номенклатурасын енгізу, электрондық құжаттардың құндылығын сараптау тәртібі және «Ұлы Отан соғысына қатысушылар» деректер базасына мәліметтерді енгізу мәселелері бойынша оқыту өтті.
Шара соңында қатысушылар жүйені жаңғырту мәселелерін талқылады.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 5 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, профессор, Инженерлік академияның толық мүшесі Қуанғали Қуатбаевтың жеке қоры құжаттарына негізінделіп «Қуанғали Қуатбаев: архив құжаттарындағы ғылыми мұра» атты дөңгелек үстел және құжаттық көрме ұйымдастырылды.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті 6В02202-Тарих және Тарих-дінтану-6В01602 білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6В03204-Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша 1 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


04 маусым 2026 жыл
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы осы күні еліміздің жаңа Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны алғаш рет ресми түрде бекітілді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz