Новости:
04 наурыз 2025 жыл
2025 жылдың 4 наурызында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы, медицина ғылымдарының докторы Халида Маманованың жеке тектік қорындағы құжаттар негізінде дайындалған «Маманова Халида: архивтік құжаттардағы дәуір мен тұлға» атты құжаттық көрме өтті. Халида Маманова – қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш ғылым докторы және айыпталушылар батальонында соғысып, Берлинге дейін жеткен жалғыз қазақ әйел.
Х.Маманованың құжаттарын ОМҒТҚА тұрақты мемлекеттік сақтауға оның туыстары өткізген. Оның ішінде жеке текті құжаттар бар: Қазақ мемлекеттік медицина институтының студенті Халида Маманованың жеке ісі, 1937 жылы өз қолымен жазылған өмірбаяны, медицина ғылымдарының кандидаты мен докторы ғылыми атақтары берілген дипломдары, Х. Маманованың «Қатерлі ісіктің патогенезі туралы» 1962 жылы Алматыда өткен онкологтардың VI Республикалық конференциясында оқыған баяндама тезистері, әріптестері мен туыстарының естеліктері. Сондай-ақ оның әкесі Есенқұл Мамановты БМСБ өкілдерінің тергеу хаттамалары және басқа да көптеген құжаттар бар.
Көрменің мақсаты – саяси қуғын-сүргін мен Ұлы Отан соғысының барлық ауыртпалығын басынан өткерген қазақ халқының даңқты қызы Халида Маманованың бай құжаттық мұрасын насихаттау.
Көрмені қалалық архив мекемелерінің қызметкерлері, орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері тамашалады.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
09 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 9 қазанда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.


07 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 5-6 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Толқын Жанайдарова, Инабат Ерғалиева және Нұртай Әбдірасілов Грузияның Батуми қаласында Білім және спорт министрлігінің Архив басқармасы ұйымдастырған «Оңтүстік-Батыс Грузия: тарих, археология, этнология» атты 12-ші Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысты.


01 қазан 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві баршаңызды 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтайды!


30 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылдың 28-30 қыркүйегі аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық архивінің бас есепшісі Болысбекова Раушан Камалбекқызы Астана қаласында «Bolashaq» халықаралық академиясы ұйымдастырған «2026 жылға арналған заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, кадрлық іс жүргізу. Бірыңғай кадрлық жүйе (БҚЖ). HR.Enbek.kz жүйесінде жұмыс істеу бойынша практикум» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсына қатысып, сертификатын иеленді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz