Новости:
05 наурыз 2025 жыл
2025 жылдың 4 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «TASH» ЖШС басшысы, экономика ғылымдарының докторы Шахан Қарлығаш Берікқызы болып, өзінің қызы Құралай Шахан Сералының ағылшын тіліндегі «Қазақстандағы классикалық архитектура: кеңестік мұра» кітабын сыйға тартты.
Кітапты дайындау барысында Қарлығаш Берікқызы және Құралай Шахан Сералы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оның нәтижесінде архивтің толықтыру көздері болып табылатын ірі ғылыми-зерттеу институттарының қорларынан жобалық, конструкторлық құжаттар анықталған. Қарлығаш Берікқызы ОМҒТҚА директоры Баян Амантайқызына және ұжымына қолдау және техникалық құжаттаманы іздеуде ерекше көмек көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Басылымға тарихи, саяси, экономикалық және мәдени әсерді қоса алғанда, Қазақ КСР-інде классикалық архитектураның қалыптасуына әсер еткен факторлар зерделеніп, Алматының классикалық архитектурасының ерекшеліктері талданған. Оған ОМҒТҚА сақтаудағы «КАЗГОР» жобалау академиясының қорындағы Алматы қаласындағы сәулеті ерекше ғимараттардың эскиздері де енгізілген.
Сонымен қатар Құралай Шахан Сералының латын графикасымен жазылған бірінші кітабы табысталды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған бұл басылым олардың көне түркі әлемінің тарихын зерттеуге деген қызығушылығын оятады деуге болады.

https://youtu.be/ZAU3F9Itvtw?si=rLovM-xkk06Uk5lV


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 4 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Әзербайжанның мәдени мұрасына арналған «Халық өнеріндегі уақыт тынысы» көрмесінің ашылуына қатысты.


03 қыркүйек 2026 жыл
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырықбаев Арман Оразбайұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.


03 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 3 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бас сарапшысы Назым Биримкулова Республикасы Президентінің Архиві онлайн форматта ұйымдастырған «Құжаттық жарияланымдарды әзірлеудегі құжаттарды археографиялық рәсімдеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы онлайн MeetUp кездесуге қатысты.


27 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 27 тамызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Нұрлан Кешірімұлы Бозтаевпен кездесу форматында дөңгелек үстел өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz