Новости:
14 наурыз 2025 жыл
2025 жылдың 14 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі «Көрісу күні» өтті.
Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Бұл күні халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туғанмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.
Барша архив қызметкерлері бір-бірімен төс қағыстырып, бір-біріне «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» деген ақжарма тілектерін айтып, құжақ жая көрісті.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Амантайқызы осындай игі шаралар салт-дәстүрімізді дәріптеудегі келешек ұрпаққа үлгі екенін және жалпы Наурыз мерекесі - достықтың, ынтымақтың, ырыс-берекенің, жаңарудың мерекесі, халықтар бірлігі мен татулығының бастауы екенін атап өтті.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.


07 қараша 2025 жыл
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.


06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


31 қазан 2025 жыл
2025 жылғы 31 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің басшылық құрамы және қызметкерлері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасы қазақ тіл білімін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қоңыровтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізген «Когнитивтік лингвистикадағы теңеу концептісі: ұлттық дүниетаным және тіл» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz