Новости:
15 наурыз 2025 жыл
Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Миллиондаған қазақстандықтар атсалысып жүрген қайырымдылық іс-шаралары осыны көрсетеді.
Наурыз мерекесін тойлау аясында 15 наурыз «Қайырымдылық» күні болып белгіленді. Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне мейірім танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Наурыздың бір күнін осы тақырыпқа арнау өскелең ұрпақ тәрбиесінде өз ізін қалдарары сөзсіз.
Осыған орай, 2024 жылдың 15 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері көпбалалы және мұқтаж отбасыларына, мүгедек балалары бар отбасыларға азық-түлік жиынтығы түрінде қайырымдылық көмек көрсетті.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 3-5 наурыз аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері Е. Скрипко «Азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған ұйымдардың басшылары» санаты бойынша оқуға қатысты.


04 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 4 наурызда Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қоғам қайраткері әрі ұлт мәдениетінің жанашыры, Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі өткізген «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық-ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысты.


03 наурыз 2026 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері деректерді өңдеу орталықтарының (ДӨО) инженерлік инфрақұрылымы бөлігінде технологиялар, шешімдер, сараптама және үздік тәжірибе ұсынылған DCDE Central Asia форумының жұмысына қатысты.


02 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 2 наурызда Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктері Рабиға Сыздық, Әбдуәли Қайдар, Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына орай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған «Әзілі жарасқан әз ғалымдар» атты тағылымдық-тәрбиелік кешіне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz