Новости:
16 наурыз 2025 жыл
Қазақстанда жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген. Ондағы негізгі мақсат - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі саналатын ана тілін құрметтеу, ұлт құндылығын насихаттау.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві осы мерекеге орай 2025 жылдың 16 наурызы күні қазақ халқының әдемі дәстүрі -тұсау кесу рәсімін өткізді. Архив қызметкерлері Айгүл Абдрахманованың Әли атты ұлының тұсауын кесті. Архивтің аға буын қызметкерлері кішкентай бүлдіршінімізге баталарын беріп, жолы әрқашан ашық болсын деген ізгі тілектерін айтты.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
23 сәуір 2025 жыл
2025 жылдың 23 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві бірлесіп өткізген Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында архивтану және құжаттану пәндері бойынша ХVII Республикалық пәндік олимпиада жұмысына қатысты.


22 сәуір 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Ұлы Отан соғысының жаңа беттері (соңғы жылдары табылған құжаттар негізінде)» халықаралық ғылыми-практикалық конференция және «Қазақстан: Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» құжаттық көрме жұмысына қатысты.


22 сәуір 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу және ҒАА құру бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивисі А.Абрахманова «Ғылыми-техникалық құжаттама каталогының карточкаларын ОМҒТҚА электрондық деректер базасына енгізу» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


18 сәуір 2025 жыл
2025 жылдың 18 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы ардагерлері – ғалымдардың ерлігі архив құжаттарында» конференциясын және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларының, архив қызметкерлерінің соғысқа қатысқан ата-бабаларының құжаттары мен материалдары негізінде құжаттық көрме өткізді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz