Новости:
18 наурыз 2025 жыл
18 наурыз наурызнама онкүндігіне сәйкес Ұлттық киім күні болып белгіленген. Әр ұлтты ерекшелендіретін дәстүрлі құндылықтары, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы, ұлттық киімдері бар.
Бүгінгі модернизация дәуірінде ұлттық киім өз мәнін жоймай, бұрынғы дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, жаңа интерпретацияға ие болды. Ұлттық стиль ұлттық мінез пен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды. Ұлттық киім күні – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда заманауи стильде тігілген ұлттық киімдер сұранысқа ие бола бастады. Осыған орай Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттау мақсатында әдемі ұлттық киімдер киіп, ұлттық нақыштағы әшекейлерді үйлестіріп тағып мерекені атап өтті.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 шілде 2025 жыл
Еліміздің барлық өңірлерінде бүгін Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтуде. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Домбыра – бабалар мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізді.


26 маусым 2025 жыл
2025 жылғы 25-26 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімі ведомстволық архив жұмысына жауапты ұйымдардың іс жүргізушілері мен қызметкерлері үшін «Мемлекеттік архив саясаты тұрғысынан ведомстволық архивтерді ұйымдастыру және дамыту» атты екі күндік семинар өткізді.


26 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві мен Алматы көпсалалы колледжінің ынтымақтастық туралы шарты шеңберінде архив директоры Баян Амантайқызы Жұматаева мемлекеттік емтихан комиссиясының төрайымы ретінде «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығы бойынша бітіруші студенттер үшін демо-емтихан өткізуге қатысты.


23 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева Алматы көпсалалы колледжінде бітіруші түлектердің алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыру мақсатында өткізілген «16 жаста алғашқы табысым» іс-шарасына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz