2025 жылдың 15 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қазақ жерлерінің бір республика құрамына бірігуінің аяқталғанына 100 жыл және қазақ халқының тарихи атауын қайтарып алғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ жерінің тұтастануы мен «Қазақ» атауының қайтарылуына 100 жыл» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Конференцияны Орталық мемлекеттік архив және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы бірлесіп ұйымдастырды.
Биыл патшалық Ресей империясының отарлық езгісі кезеңінде үш генерал-губернаторлыққа, кеңес билігі кезеңінде бірнеше республика құрамына бөлініп кеткен қазақ жерлерінің бір республика құрамына бірігуінің аяқталғанына 100 жыл, сонымен қатар, Ресей империясының кезінде «киргиз-кайсак» атанса, кеңестік биліктің алғашқы жылдарында ресми түрде «киргиз» атанған қазақ халқының тарихи атауын қайтарып алғанына және Ақмешіттің Қызылорда болып қайта аталуына да 100 жыл толады.
1925 жылы 19 сәуірде Қазақ АКСР Кеңестерінің V съезі шешімімен қазақ халқы өзінің «қазақ» деген тарихи атауын ресми түрде қайтарып алды, содан кейін Қырғыз АКСР-і Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚазАКСР) деп өзгертілді. Бұл съезд екі мың жылдық тарихы бар қазақ мемлекеттілігінің республикалық кезеңі тарихындағы бетбұрыс кезең болды.
Конференция мақсаты тарихымыздың маңызды беттерін архив құжаттары негізінде дәйектеп, ұлтымыздың тарихи санасын қалыптастыруға үлес қосу болды.
Іс-шара аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультетінің үздік студенттеріне тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сүлеймен Тұрғанбаевтың стипендиясы табыс етілді.
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.