Новости:
18 сәуір 2025 жыл
2025 жылдың 18 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы ардагерлері – ғалымдардың ерлігі архив құжаттарында» конференциясын және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларының, архив қызметкерлерінің соғысқа қатысқан ата-бабаларының құжаттары мен материалдары негізінде құжаттық көрме өткізді.
Осы сұрапыл соғыста үлкен ерлік көрсеткен ата-бабаларымызға тағзым ретінде өткен бұл іс-шараның мақсаты 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алу, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің ұрпақтарымен кездесіп, Ұлы Отан соғысы туралы архив құжаттарын насихаттау болды.
Екінші дүниежүзілік соғысқа 1,5 миллионнан астам қазақстандық майданға аттанды, шайқастарда ойланбастан Отан үшін жанын қиды. Кеңес Одағының Батыры атағын алған 500-ден астам жауынгердің ішінде Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Халида Маманова және мыңдаған ержүрек батыр ұлдарымыз бен қыздарымыз болды. Тыл еңбеккерлері де жеңісті жақындатуға зор үлес қосты. Қазақстанда әскери техникалар мен оқ-дәрілер шығарылып, майданға азық-түлік, жылы киімдер жөнелтілді. Жеңісті жақындатқан әрбір адамның еңбегі бағаланбай қалған жоқ.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Ұлы Отан соғысына қатысқан Шәкен Мәжитов, Халида Маманова, Бахия Атшабаров, Сәкен Нұғманов, Сайым Балмұханов, Аркадий Деев, Павел Мариковский және т.б көптеген жеке тектік қор иелерінің құжаттары сақталуда. Бұл құжаттарды ғылыми зерттеу, тарихты қалпына келтіру және тарихи білімді насихаттау мақсатында зерттеушілер кеңінен пайдалануда.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің басшылары мен қызметкерлері, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары, Алматы қалалық ардагерлер үйінің өкілдері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары мен магистранттары, студенттері, тарихшы ғалымдар, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияны құттықтау сөзімен Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Амантайқызы Жұматаева ашып, барша қонақтарды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жетуде ардагерлермен қатар тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлес қосты және олардың ішінде ғалымдарды да атап өткеніміз жөн. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде көптеген еліміздің белгілі ғалымдарының соғыс кезіндегі еңбектерін дәлелдейтін құжаттар шоғырланған және олар бірнеше құжаттар жинақтарына негіз болды», - деп атап өтті архив басшысы.
Өз құттықтауын Орталық мемлекеттік архивтің директоры Сәбит Қамытбекұлы Шілдебай да жеткізіп, соғыс зардабын әрбір қазақстандық отбасы басынан өткізгенін және сол зұлмат соғыста өз өмірін аямай фашистерге қарсы шыққан батырларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтау керектігі бүгінгі ұрпақтық парызы екенін айтты.
Әрбір сөз алған баяндамашыны залда отырған қатысушылар үлкен тебіреніспен тыңдады, өйткені әрбір сөз бен көрсеткен әрбір құжатта бүгінгі бізге бейбіт өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерліктері паш етілді. Соғысқа қатысқан ардагерлердің ұрпақтары өздерінің батыр аталары туралы естеліктерімен бөлісті.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларының, архив қызметкерлерінің соғысқа қатысқан ата-бабаларының құжаттары мен материалдары негізінде ұйымдастырылған құжаттық көрмені әрбір қатысушы үлкен қызығушылықпен ынтамен тамашалады.
Конференцияда сонымен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерватория студенттері, «Сарын» фольклорлық ансамблі және «Just Dance» би студиясының бишілері музыкалық сәлемдерін өз өнерлерімен жеткізді.
Шараға келген қонақтар мен архив қызметкерлеріне конференция жұмысына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттар табысталды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 4 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Әзербайжанның мәдени мұрасына арналған «Халық өнеріндегі уақыт тынысы» көрмесінің ашылуына қатысты.


03 қыркүйек 2026 жыл
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырықбаев Арман Оразбайұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.


03 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 3 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бас сарапшысы Назым Биримкулова Республикасы Президентінің Архиві онлайн форматта ұйымдастырған «Құжаттық жарияланымдарды әзірлеудегі құжаттарды археографиялық рәсімдеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы онлайн MeetUp кездесуге қатысты.


27 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 27 тамызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Нұрлан Кешірімұлы Бозтаевпен кездесу форматында дөңгелек үстел өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz