Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу және ҒАА құру бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивисі А.Абрахманова «Ғылыми-техникалық құжаттама каталогының карточкаларын ОМҒТҚА электрондық деректер базасына енгізу» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.
Бөлім қызметі бағыттарының бірі Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің сайтында электрондық каталог жүргізу болып табылады. Веб-сайттағы электрондық каталог архивтік қордағы құжаттардың құрамы туралы ақпаратты толық көрсететін ақпараттық жүйе болып табылады.
Тақырыпты толық ашып көрсету мақсатында сайтта электрондық деректер базасына енгізу үрдісі көрсетілді.
2025 жылғы 6 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві өткізген «Ұлттық тарихты сақтау мен зерттеудегі кино-фотоқұжаттардың рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері жалпы жоспарлы қалалық сейсмикалық жаттығуларға қатысты. Олар апаттық чемодандарын дайындап, эвакуация пунктін – М.Ю. Лермонтов атындағы драма театры ғимаратын анықтады.
Қазақстан-түрік ынтымақтастығы барлық салаларда қарқынды дамуды жалғастыруда. Бұл ортақ тарих, тіл, экономика, мәдениет және басқа да салаларға негізделген екіжақты қарым-қатынастар.