Новости:
22 сәуір 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Ұлы Отан соғысының жаңа беттері (соңғы жылдары табылған құжаттар негізінде)» халықаралық ғылыми-практикалық конференция және «Қазақстан: Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» құжаттық көрме жұмысына қатысты.
Аталған шараларды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту және ондағы қазақстандықтардың үлесі мен рөлін, ерлік жолын соңғы жылдары табылған архив құжаттары негізінде көрсету мақсатында ұйымдастырды.
Тарихи жад мәселелері архив құжаттары негізінде талданады. Себебі сол кезеңдегі Одақ құрамындағы әрбір республика Жеңіске баға жетпес үлес қосты, ал әр отбасында ТМД кеңістігін қорғаған азамат пен ұрыс даласынан қайтып оралмаған батырлар болды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
26 қараша 2025 жыл
2025 жылдың 26 қарашасында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген көрнекті ғалым, саяхатшы және этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай ұйымдастырған «Ш. Уәлиханов пен Г.Н. Потанин» көрмеге қатысты.


10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.


07 қараша 2025 жыл
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.


06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz