Новости:
24 сәуір 2025 жыл
Қазақстан-түрік ынтымақтастығы барлық салаларда қарқынды дамуды жалғастыруда. Бұл ортақ тарих, тіл, экономика, мәдениет және басқа да салаларға негізделген екіжақты қарым-қатынастар.
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне Түркия Республикасының Кастамону Университетінің зерттеуші ғалымы, философия докторы Хаджы Ахмет Шимшек архив жұмысымен танысу мақсатында келді.
Архив директоры Баян Жұматаева қонаққа танымдық экскурсия жүргізіп, республикамызда халық шаруашылығының, ғылым мен техниканың аса құнды және соңғы жетістіктерін көрсететін ғылыми-техникалық құжаттаманың орталықтандырылған есепке алынуын, сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ететін бейінді архивтің қызметі, құжаттар мен қорлар мазмұнына тоқталып өтті.
Сондай-ақ тараптар архив құжаттарын реставрациялау және консервациялау мәселелерін талқылады, өйткені доктор Шимшек бүгінде қазақстандық және түрік ғылыми орталықтары, архивтер мен университеттер мамандарының көне кітаптар мен құжаттарды қалпына келтіру саласындағы белсенді ынтымақтастығына ықпал етуде.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
21 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші өтті.


20 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен түсірілген және халықаралық марапаттарды иеленген «Қарлығаш» (Swallow) деректі фильмінің көрсетіліміне қатысты.


19 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 19 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


12 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 12 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz