Новости:
30 сәуір 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері жалпы жоспарлы қалалық сейсмикалық жаттығуларға қатысты. Олар апаттық чемодандарын дайындап, эвакуация пунктін – М.Ю. Лермонтов атындағы драма театры ғимаратын анықтады.
28 сәуірден бастап теле-радиоарналарда алдағы жоспарлы жаттығу туралы бейнероликтер мен сабыр сақтауға шақыратын хабарламалар көрсетілді. Сиреналық-дауыс хабарлау құрылғылары, мобильді қосымшаларда хабарламалар жіберу арқылы қалалық хабарлау жүйесі іске қосылды.
30 сәуірде сағат 11.00-де сирена мен «Баршаңызға назар аударыңыз!» дыбыстық сигналын естігеннен кейін қосымша нұсқаулар алу үшін радиоларын қосып, интернет-ресурстардағы ақпаратты бақылап отырды.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдігінің өкілдері төтенше жағдай кезінде және одан кейінгі әрекетке әрбір азаматтың жеке дайындығының маңыздылығын ескере отыра, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау жұмыстары туралы да хабардар етті.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ведомстволық бағынысты архив мекемелерінің ұжымдары - Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві Zoom платформасында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің қолдауымен «Қазақстандық архившілер мен құжаттанушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жаңа Конституция жобасының тармақтарын түсіндіру бойынша ұйымдастырған «Конституциялық реформа - қоғамның даму жолы» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.


02 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 2 ақпанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Жаңа Конституция жобасына қолдау білдіріп, оны түсіндіруге және талқылауға бағытталған «Ата Заңның негізгі қағидаттары – жарқын болашақ кепілі» дөңгелек үстелі өтті.


21 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші өтті.


20 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен түсірілген және халықаралық марапаттарды иеленген «Қарлығаш» (Swallow) деректі фильмінің көрсетіліміне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz