2016 ж. 26 ақпанында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің мамандары Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде өткен «Ел бірлігі – асыл қазына» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Осы іс-шараның мақсаты – этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін, жаңа қазақстандық патриотизмді насихаттау, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында ұсынған 2016 жылы алғаш рет өткізілетін мереке – 1 наурыз – Алғыс айту күнінің тарихи және қоғамдық маңызын танымал ету.
Дөңгелек үстелдің жұмысына «Нұр Отан» партиясының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ұлттық мәдени орталықтардың, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.