Новости:
05 маусым 2025 жыл
9 маусым – Халықаралық архив күні қарсаңында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде кәсіптік тәжірибеден өткен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенттері үшін құжаттық көрме ұйымдастырылды.
ОМҒТҚА бүгінде республикадағы ХІХ ғасырдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның ғылымы мен техникасының қалыптасуы және дамуы тарихы бойынша құжаттарды сақтайтын аса ірі бейінді мекеме болғандықтан негізгі қызметі ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық институттардың, конструкторлық бюролардың қызметінде, сондай-ақ күрделі құрылыс саласында қалыптасқан ғылыми-техникалық құжаттаманың құрамы мен мазмұнын зерттеу бағытында қызмет атқарады.
Болашақ тарихшыларға архив ғимаратында экскурсия ұйымдастырылып, архив саласы жұмысының ерекшеліктері, бірегей құжаттар туралы баяндалды. Студенттер үшін архивте сақталатын еліміздің оңтүстік астанасы Алматының әсем ғимараттарының құрылу тарихына қатысты құжаттар, Қазақстанның ғылымы, медицинасы, техникасы, құрылыс саласында өзіндік із қалдырған белгілі тұлғалардың жеке тектіқ қорлары құжаттары үлкен таңданыс пен қызығушылық туғызды. Сонымен қатар ОМҒТҚА басылымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері болашақ әріптестері саналатын студенттерге жалпы ғылыми-техникалық құжаттама сақталатын архивтің тарихы, негізгі қызметі, көзге көрінбейтін, алайда өте маңызды қызметінің ерекшеліктері жайлы толыққанды ақпарат беріп, бұл киелі шаңырақтың тарихи-мәдени мұраны көздің қарашығындай сақтау және насихаттаудағы рөлі маңызды екенін атап


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 5 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған «Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар, тарихи мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


01 тамыз 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы Халықаралық архитекторлар академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген саулетшісі, Алматы қаласының Құрметті азаматы
Ералиев Тоқтар Ералыұлының өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтады.


24 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 24 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері – Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың 100 жылдығы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсын Әбуовтың 90 жылдығына орай өткізген «Қазақ өнерінің қос шебері» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.


23 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 23 шілдеде Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың 32 құжаттар жобалары қаралды


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz