Новости:
10 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Архиві 2017 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан жас архившілердің VIII Халықаралық Жазғы мектебінің жұмысына қатысуда. Жазғы мектептің биылғы тақырыбы «Архивтердің цифрлық трансформациялануы және құжаттық мұраны сақтау» деп аталады.Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық цифрлық архив құрып, оны еліміздегі және шетелдердегі нейрожүйе жасаушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік беру қажеттігі бойынша ойына байланысты.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы архив қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай 9 маусым күні ҚР Президенті Архиві еліміздің орталық және өңірлік архивтерінің басшылары, сондай-ақ әкімдіктер жанындағы цифрландыру және архив басқармаларының өкілдерімен өткізген кездесуге қатысты. Қонақтарға жаңа ғимараттың көрме залы, сақтау қоймалары мен зертханаларына арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Кездесу барысында құжаттарды қалпына келтіру, цифрландыру және сақтау бағытындағы заманауи жабдықтардың мүмкіндіктері кеңінен көрсетілді. Қонақтар Архивтің бірыңғай ақпараттық-іздеу жүйесінің тиімділігімен танысып, оның қолданушыларға ыңғайлы функцияларына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, архивтік деректердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған «е-Архив» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері таныстырылды.
Жиын аясында архив саласындағы өзекті мәселелер, цифрландыру процесі, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ архив мекемелері арасындағы ынтымақтастық бағыттары талқыланды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 5 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған «Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар, тарихи мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


01 тамыз 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы Халықаралық архитекторлар академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген саулетшісі, Алматы қаласының Құрметті азаматы
Ералиев Тоқтар Ералыұлының өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтады.


24 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 24 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері – Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың 100 жылдығы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсын Әбуовтың 90 жылдығына орай өткізген «Қазақ өнерінің қос шебері» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.


23 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 23 шілдеде Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың 32 құжаттар жобалары қаралды


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz